Бақытжан Сағынтаев: Алматы әкімдігі мемлекеттік қызметтердің 90%-ын электронды форматта ұсынады

Бақытжан Сағынтаев: Алматы әкімдігі мемлекеттік қызметтердің 90%-ын электронды форматта ұсынады
Сурет:Almaty-akshamy.kz

 Алматылықтармен көптеген мәселелер бойынша интерактивті диалог жүргізу үшін жалпы қалалық алаң ретінде IAzamat қосымшасы іске қосылды.

Бүгінде Алматы әкімдігінің мемлекеттік қызметтерінің 90%-ы электронды, қызметтің 150 түрі eGov.kz және мобильді құрылғылар арқылы қолжетімді.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-дағы кезекті тікелей эфир барысында азаматтармен кері байланысты қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметтер мен сервистерді цифрландыру туралы айтты, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.
Бұдан өзге, «Еститін мемлекет» қағидатын қамтамасыз ету мақсатында Open Almaty қоғамдық қабылдау жұмыс істейді. Өткен жылы 400 мыңнан астам өтініш келіп түсті.
Ағымдағы жылдың 5 айында білім беру, абаттандыру, көлік және жол мәселелеріне, карантиндік шектеулерге қатысты 71 мыңнан астам өтініш келіп түсті.
«Еститін мемлекет» қағидаты аясында тұрғындарды қаланы басқаруға тарту бойынша «Бюджетке қатысу» жобасы іске асуда. 2021 жылға 795 ұсыныс түсті, қоршаған ортаны жақсарту және аумақтарды абаттандыру жөніндегі жобаларды қаржыландыру бойынша 28 мыңнан астам дауыс жиналды.
Пандемия кезінде барлық спорт нысандары, балалар үйірмелері және жаттықтырушылардың мәліметтері цифрландырылды. meteor.almaty.e-orda.kz баланы олимпиада резерві мектептеріне, спорт мектептері мен интернаттарға тіркей аласыз. Порталда спорттың 78 түрі, 15-тен астам ұйым, 855 жаттықтырушы-оқытушы ұсынылған.