Сайлаушылардың 43,7 пайызы референдумға қатысты

Сайлаушылардың 43,7 пайызы референдумға қатысты
Сурет: Sputnik.kz

Елорда уақыты бойынша сағат 12.00-дегі алдын ала мәлімет бойынша, Қазақстандағы референдумға сайлаушылардың қатысу көрсеткіші - 43,70 пайызға жетті.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов мәлімдеді, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Референдум бойынша Орталық комиссияның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және елордадағы аумақтық комиссиялары берген мәліметі бойынша, елордада сағат 12.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 43,70 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды», - деді Шавкат Өтемісов.

Орталық референдум комиссиясы мәліметінше, 5 122 577 адам бюллетень алған. Қазіргі уақытта ең белсенді аймақ - Солтүстік Қазақстан облысы.

Сағат 12.00-дегі өңірлердегі қатысу көрсеткіші :

Ақмола облысында – 41,31 пайыз;

Ақтөбе облысында – 41,14 пайыз;

Алматы облысында – 43,05 пайыз;

Атырау облысында – 37,33 пайыз;

Батыс Қазақстан облысында – 47,58 пайыз;

Жамбыл облысында – 55,15 пайыз;

Қарағанды ​​облысында – 51,60 пайыз;

Қостанай облысында – 49,96 пайыз;

Қызылорда облысында – 48,73 пайыз;

Маңғыстау облысында – 36,02 пайыз;

Павлодар облысында – 51,17 пайыз;

Солтүстік Қазақстан облысында – 58,25 пайыз;

Түркістан облысында – 46,69 пайыз;

Шығыс Қазақстан облысында – 48,86 пайыз;

Нұр-Сұлтанда – 37,03 пайыз;

Алматыда – 20,14 пайыз;

Шымкентте – 44,61 пайыз.