Дактилоскопиялық тіркеу шетелдіктерге ғана міндетті болады

Дактилоскопиялық тіркеу шетелдіктерге ғана міндетті болады
Сурет: ашық дереккөз

Жаңа жылдан бастап қазақстандықтар саусақ іздерін ерікті түрде тапсырады

Азаматтар саусақ ізін жеке басын куәландыратын құжаттарды жасатқанда тапсыра алады. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қазақстандықтарды дактилоскопиядан өтуге ешкім міндеттемейді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Елімізде "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" заң 2016 жылы қабылданған болатын. Алайда саусақ іздерін тапсыруға қатысты норма тек 2024 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Бастапқыда ішкі істер министрлігі Қазақстанның 16 жасқа толған барлық азаматын саусақ іздерін тапсыруға міндеттеуді жоспарлаған еді. Бірақ кейін заңға өзгерістер енгізіліп, республика азаматтары дактилоскопиялық тіркеуден ерікті түрде өтетін болды.