Дәрігер тері саулығына кері әсер ететін азық-түлік өнімдерін атады

Дәрігер тері саулығына кері әсер ететін азық-түлік өнімдерін атады
Сурет: Ren.tv

Танымал азық-түлік өнімдері адамның терісіне кері әсер етуі мүмкін.

Бұл туралы дәрігер, пластикалық хирург Мадина Байрамукова айтт, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Медицина қызметкері теріге  теңгерімсіз тамақтану, сонымен қатар, зиянды әдеттер әсер етеді деп түсіндірді.

Атап айтқанда, қант мөлшері жоғары тағамдар қандағы инсулин деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Бұл өз кезегінде безеуді немесе басқа тері проблемаларын тудыруы мүмкін.

Сондай-ақ, дәрігер кейбір адамдарда лактозаға төзбеушілік тек ас қорыту деңгейінде ғана емес, сонымен қатар эпидермисте де көрінетінін айтты. Мұндай адамдарда сүт өнімдерін жеу терінің нашарлауына әкелуі мүмкін.

Дәрігер сонымен қатар аллергияға бейім адамдар мен сезімтал терісі бар адамдарға жасанды бояғыштар мен консерванттарды қамтитын тағамды тұтынудан сақтандырды. Бұл компоненттер терінің сезімталдығы мен тітіркенуіне әкеледі, осылайша оған зиян келтіреді.

Сонымен қатар, Байрамукова терінің саулығын сақтау үшін майлы тағамдар мен қуырылған тағамдарды тұтынуды шектеу керектігін айтты,  бұның салдарынан теріде майлы жылтыр пайда болады және безеулер күшейеді. Мұны чипстер, газдалған сусындар және фастфуд одан сайын үдете түседі.

Сонымен қатар, дәрігер тері проблемалары тек тамақтанудан ғана емес, сонымен қатар генетикалық факторларға, гормоналды бұзылуларға немесе қоршаған орта әсерінен де басталуы мүмкін екенін атап өтті.