Алматы маңында автобус жүргізушісі көз жұмды

Алматы маңында автобус жүргізушісі көз жұмды
Сурет: Sakhalin.info

Ол рөлде отырып қайтыс болды.

Оқиға аялдамада болғандықтан, ешкім зардап шекпеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Жолаушылар автобустың ұзақ уақыт жүрмей тұрғанына таңғалып, жүргізуші кабинасына барған кезде, оның рөлге басын қойып алғанын, аузынан көбік ағып жатқанын көрді», - дейді оқиға куәгері.

Алматы полиция департаменті «Водник» шағынауданындағы аялдамада 124-ші бағдардағы жүргізушінің денсаулығы нашарлағанын хабарлады. "Жедел жәрдем" оны ауруханаға жеткізген, науқас сол жерде көз жұмды.