Құлшыныс – игі қасиет

Құлшыныс – игі қасиет
Сурет: Іnstagram.com

Құлшыныс арманға жетелейді

Бокстың падишасы атанған Мұхаммед Әли «Чемпион жаттығу залдарында пайда болмайды. Адамның ішіндегі құлшыныс арман, мақсат чемпионды тудырады» депті. Осы ойға қарап, бірталай ойды ширата түсуге болады. Сондай-ақ мұны бір ғана спорт саласына телу әбестік болар. Әйгілі спортшының пәлсафаға толы ойлары әлі күнге шейін жұрттың жадында келеді.

Құлшыныс бастауы неде? Өте терең философиялық сауал. Бірақ, тым жауабы табылмайтын күрмеулі дүние деп те атай алмасымыз анық. Олай болатыны, бұның құпиясы әркімнің өзіне ғана аян. Мәселен, танымал азиялық миллиардер Роберт Киосакидің өмірінен мысалдайық. Оған үнемі өз әкесі (кедей әкесі) сабақты жақсы оқуын және ақшаның адамды бұзатындығын ескертпе ретінде айтыпты. Ал өкіл әкесі (байлықтың көзін табуға үйреткен әкесі) ақшаның зор билік, үлкен мүмкіншілік екендігін ұдайы дәлелдеп отырған. Осы арадан бір нәрсені алға тарта аламыз. Ең бастысы, баланың өмірге, қоршаған ортаға, болашаққа деген құлшынысы мықты болса, бәріне жететініне өмір куә. Біздің кейіпкеріміз Роберт екі әкесінен де өзіне қажетті қасиеттерді бойына сіңіре білді. Соның арқасында аты дүние жүзіне мәшһүр боп танылды.

Талпыныс түбі – табыс. Осы күні барлық адамзат өрге шығуға құмартып барады. Онысы қуантады. Дұрыс-ақ! Десе де, құлшыныс игі қасиеттерден тұрса, нұр үстіне нұр болмақ. Әйтпесе, жойқын қару ойлап табу, небір зиянды бактерологиялық ауруларды тудыру сынды нәрселер адамзатқа кері ықпалын тудырады. Тіпті қиын болуы да ғажап емес.

Түйін. Құлшыныс – тіршілік бастауы. Оған жету оңай. Сол оңайды қалыптастыратын өзіңіз. Үлкен кісілер «адам жас кезінде тәуекелшіл болады» деп жатады. Өте орынды айтылған пікір. Міне, осы қасиеттерді игілік жолына жұмсағанды абзал санаймыз.