Батыста қар жауып, шығысты су басты

Батыста қар жауып, шығысты су басты
Сурет: ашық дереккөз

Тамыз тосын мінез танытты

3 тамыз күні Грузиядағы Sunset showee қонақ үйінің жанында көшкін болды. Балшық массасының көлемі 5 миллион текше метрден асқан. Көшкін өзен арнасында демалып жатқан туристермен бірге коттедждерді басып қалған. Осыған байланысты Грузияның ішкі істер министрлігінің (ІІМ) сайтында мәлімдеме жасады.

«Қазіргі уақытта құтқарушылар 17 мәйітті тапты. Құтқару операциясы аясында 200-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді», - делінген хабарламада.

Ал Грузия Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, апат аймағынан табылған 17 мәйіттің 16-сы медициналық тексеруге жіберілген. Олардың жетеуі қазірдің өзінде анықталған.

Апатқа байланысты Грузияда 7 тамыз аза тұту күні деп жарияланды.

Ал Пәкістанның оңтүстігінде пойыз рельстен шығып кетіп, салдарынан 30 адам қаза тапқан. 60 адам түрлі дене жарақатын алған. Теміржол қызметінің жетекшісі Махмудур Рехман Лахо хабарлағандай, Равалпиндиге баратын пойыздың он вагоны рельстен шығып кетті, ал кейбіреулері Пәкістанның Навабшах қаласының маңында аударылып, көптеген жолаушы қысылып қалды.

Сарапшылардың пікірінше, құтқару жұмыстары кезінде құрбан болғандар саны артуы мүмкін.

Германияның Ройтлинген қаласында бұршақ жауып, көшелерді қар басты.

Көшедегі қар мен мұзды тазалауға 250 жұмысшы жұмылдырылған. Кейбір жерлерде қардың қалыңдығы 30 см жеткен.

Ал Қытайға алдымен күші өте қатты дауыл соғып, артынан су басты. Міне, күні кеше аспан асты елінің Шығыс Шандун провинциясының Деджоу қалалық округінің Пингюань округінде 5,5 балдық жер сілкінісі 6 тамызда Бейжің уақыты бойынша 2.33-те орын алды. Ошақ 10 мың метр тереңдікте болған. Қытайдың Орталық теледидары провинциялық төтенше жағдайларды басқару пунктінің мәліметіне сәйкес әзірге 126 ғимарат қирап, 20-дан астам адам зардап шеккен. Шаньдун провинциясындағы пойыздардың қозғалысы ішінара тоқтатылды. Өрт-құтқару жасақтары жер сілкінісінің эпицентріне жіберілген.