Дәрі-дәрмек 11,4%-ға қымбаттады

Дәрі-дәрмек 11,4%-ға қымбаттады
Сурет: Gov.kz

2023 жылғы қаңтар-маусым айларында  Қазақстанда 72,7 млрд теңгенің дәрісі өндірілді.

Өткен жылғы жарты жылда өндіріс көлемі бұдан 0,9%-ға артық болған (73,3 млрд тг), деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында фармацевтикалық препараттар өндірісінің көлемі 5,3 млрд теңгені құрап отыр, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36%-ға аз. (2022 жылғы қаңтар-маусым – 8,2 млрд тг).

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісімен 12 кәсіпорын айналысады.

Сондай-ақ, өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 2023 жылдың маусым айында фармацевтика препараттары 11,4% қымбаттаған.