Дәнді дақыл мен қант экспортына тыйым салынады

Дәнді дақыл мен қант экспортына тыйым салынады
jana-kezen.kz

Ресей Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге дәнді дақылдар мен қант экспортына уақытша тыйым салмақ деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Болжам бойынша, шектеу шаралары 31 тамызға дейін күшінде болады. Экономикалық даму министрлігінің хабарлауынша, бұл шешім елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданып отыр. 

Биліктің бұл ұсынысы 17 наурызда өтетін Еуразиялық экономикалық комиссияның отырысында қарастырылмақ. Ауылшаруашылық министрлігінің мәліметі бойынша, қазір Ресей дәнді дақылдармен 150 пайызға қамтамасыз етілген.

Айта кетейік, Ресейде соңғы бір аптаның ішінде бидайдың бағасы 40 пайызға қымбаттаған. Мұндай рекордтық өсім соңғы 14 жылда болмаған дейді сарапшылар. Ал Bloomberg агенттігінің мәліметіне сәйкес, Украинадағы әскери қақтығыс әлемдік бидай экспортының төрттен бір бөлігін қысқартып тастаған.