Мажарстанда алғаш рет Президент болып әйел адам сайланды

Мажарстанда алғаш рет Президент болып әйел адам сайланды
Inform.kz

Мажарстан Президенті болып алғаш рет ел тарихында әйел адам сайланды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Парламент депутаттарының үштен бір бөлігі 44 жастағы Каталин Новактың кандидатурасын қолдады. Оны елдегі ФИДЕС басқарушы партиясы ұсынды.

Ол әртүрлі жылдары партия басшылығында түрлі қызметтер атқарды, ал өткен жылдың соңына дейін Отбасы ісі жөніндегі министр болды.

Новак екі мерзімге Президент болған мемлекет басшысы Янош Адердің орнына келді. Оның өкілеттігі 10 мамырда аяқталады.