COVID-19 инфекциясына шалдыққан 11 адам ауыр халде жатыр

COVID-19 инфекциясына шалдыққан 11 адам ауыр халде жатыр
Сурет: Vlast.kz

Коронавирус инфекциясымен ауруханада жатқан 11 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

14 мамырдағы мәлімет бойынша елде коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан сырқат саны - 561. Оның 51-і стационарда, 510 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. Ведомствоаралық комиссия мәліметінше, 11 адамның жағдайы ауыр, 2 науқасқа өкпені жасанды желдету аппараты қосылған.

Айта кетейік, өткен тәулікте 5 адам коронавирус жұқтырды.

Коронавирусқа қарсы екпе салдыру жалғасып жатыр.