COVID-19: Францияда карантин келесі жазға дейін созылды

COVID-19: Францияда карантин келесі жазға дейін созылды
Сурет: Gazeta.ru

Латвия Президенті коронавирус жұқтырған.

БҰҰ-ның ақпараты бойынша, пандемияның кесірінен 160 миллионға жуық адам аш қалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың телеграм каналына сілтеме жасап.

Франция COVID-19 салдарынан төтенше жағдайды 2022 жылдың 31 шілдесіне дейін ұзартуға ниетті, деп хабарлады ел Үкіметі. Бұл өз кезегінде билік органдарының мейрамханалар, барлар және кинотеатрларға кіру үшін санитарлық рұқсаттамаларды пайдалану сияқты шектеу шараларын ұзартуға мүмкіндік береді.

Латвия Президенті Эгилс Левитс коронавирусқа оң жедел тест тапсырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады. Коронавирусқа байланысты Эгилс Левитс Ригаға келген Эстонияның жаңа Президенті Алар Кариспен жоспарланған кездесуді кейінге қалдырды.

БҰҰ-да пандемияға байланысты 160 миллионға жуық адам аштыққа тап болғанын хабарлады. Сонымен қатар, 120 млн. жуық адам кедейлікке ұшырады, ал 100 млн. бала білім алуда қиындықтарға тап болды, деп атап өтті Ұйымның Бас хатшысы Антонио Гутерриш.