COVID-19 бесінші толқыны жарияланды

COVID-19 бесінші толқыны жарияланды
Сурет: Dw.com

Бүкіл ел бойынша алты күндік локдаун енгізілді.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың мәліметінше, Иран ислам республикасының билігі коронавирустың таралуына қарсы күрес аясында провинциялар арасында қозғалуға екі апталық тыйым жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Иран ислам республикасының билігі коронавирустың таралуына қарсы күрес аясында бүкіл ел бойынша алты күндік локдаун енгізді. Үкімет COVID-19 бесінші толқынын жариялады. Иранда келесі аптада кезектен тыс демалыс белгіленуде. Сонымен қатар, коронавирустық жағдайдың ушығуына байланысты провинциялар арасында қозғалуға екі апталық тыйым жарияланды», - делінген хабарламада.