Чили астанасында су тапшылығы сезіліп жатыр

Чили астанасында су тапшылығы сезіліп жатыр
euromedia24.com

Чилиде 13 жылдан бері жалғасып келе жатқан құрғақшылықтан суды үнемдеуге мәжбүр, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Шара 6 миллион тұрғыны бар Чили астанасы Сантьяго қаласында қолданылады. Тәртіпке сай су тапшылығынан туындайтын төтенше жағдайдың ауқымын белгілейтін төрт дабыл түрі енгізіледі. Ол осы өңірдегі екі басты өзен суының деңгейіне байланысты анықталып отырады.

Мысалы, олардың ең жоғарғысы «қызыл дабыл» бойынша қаладағы 2 миллионға жуық тұрғынды 1 күнге сумен қамту жүйесінен ажырату қарастырылған. Айта кетейік, соңғы 30 жылда Чилиде судың көлемі 37 процентке азайған.