«Челси» клубы стадионда ауызашар берді

«Челси» клубы стадионда ауызашар берді
Сурет: ашық дереккөз

«Челси» футбол клубы өткен түнде «Стэмфорд Бридж» стадионында ауызашар өткізді. Мұндай оқиға Англия премьер-лигасы стадионында алғаш рет болып тұр деп хабарлады Аlmaty-akshamy.kz  Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Ауызашар Ramadan Tent Project жобасымен біріге жасалған. Британ империясы орденінің төрағасы, «Челси» қорының басшысы лорд Даниэль Финкельштейн іс-шара туралы пікір білдірді.

«Біз қоғамның түрлі табынан құралған үлкен қоғамдастықпыз, сондықтан әрбір жанкүйердің ұстанымына сыйластықпен қарап, құрметтейміз. Бұл ерекше оқиға – премьер-лига клубтары арасында ашық ауызашарды бірінші болып жасадық және осыны мақтан тұтатамыз», – деді ол.