Бүлдіршіндерге шеберлік сағатын өткізді

Бүлдіршіндерге шеберлік сағатын өткізді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Жас бишілер би шеберлерінен үйреніп қана қоймай, кішігірім сыйлықтар алып қайтты.

Әйгілі хореография мэтрі Болат Аюханов жетекшілік ететін би театры жас бүлдіршіндерге арналған «Балалар – біздің  болашағымыз» атты шеберлік сағатын ұйымдастырып, балапандарды қуантып қайтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Біз, мұндай тегін шеберлік сағаттарын үнемі өткізіп отырамыз. Бүгін ата-аналардың ұсынысымен  би студияларына келіп, шеберлік сағатын өткіздік. Алғашында қалай сәлемдесетінін, одан кейін балеттің алғашқы қадамдарына жетелейтін аяқ, қол позициясының қозғалыстарын көрсеттік. 3-4 жас аралығындағы балаларды классикалық биге баулу өте қиын», – деді ҚР ГАТТ балет-тәлімгері Айжан Қарымбаева.