Бүгін 4 қалада жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

Бүгін 4 қалада жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады
Cурет: 7-su.kz

Атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

«Қазгидромет» РМК-ның болжамы бойынша бүгін Қазақстанның 4 қаласында жайсыз метеоролоиялық жағдай қалыптасып, ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«9 қазанда Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Қостанай және Орал қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», - делінген хабарламада.

 Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.