Бір тәулікте 68 оқушы короновирус жұқтырған

Бір тәулікте 68 оқушы короновирус жұқтырған
Сурет: Еducation.24tv.ua

Соңғы тәулікте індетке шалдыққан 477 облыс тұрғынының 68-і мектеп жасындағы балалар.

Алматы облысында короновирус жұқтырғандар саны күрт көбейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап. 

Мамандардың айтуынша, мұндай жағдай тіпті өткен жылы да болмаған. Сырқаттанғандар көрсеткішінің өсуі соңғы екі аптада 0,9 проценттен 1 процентке жетті. Негізінен Алакөл, Балқаш, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Панфилов, Сарқан және Кеген аудандарында өсім көрсеткіші сақталып отыр. 

Айта кетейік, аймақта былтырдан бері 38 мыңнан аса адамнан короновирустық инфекцияның белгілері байқалған.    

 «Былтыр карантин басталғалы адамдар карантин талаптарын сақтап, той жасамап еді. Биыл өршіп бара жатқанына қарамастан той жасап жатыр. Бізде қазір мониторингтік топтар жұмыс істеп жатыр. Олар той жасауға қатысты күніне 3-4 жағдай тіркеп жатыр. Ол бір тойда екі жүз, үш жүз адамнан келеді», - деді облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Әлия Шағиахмет.