Бір тәулікте 10 158 адам вакцина салдырды

Бір тәулікте 10 158 адам вакцина салдырды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бүгінгі күнге дейін екпе алған алматылықтардың жалпы саны 540 343-ке жетті.

Бұл ақпаратты таратқан Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, екпенің толық дозасын 327 303 адам алыпты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қалада 212 пункт жұмыс істеп тұр. 1 260 адамнан тұратын 308 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды. Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакциналау пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.