БҰҰ роботтар қызметін қолдануға көшті

БҰҰ роботтар қызметін қолдануға көшті
Сурет: ашық дереккөз

Біріккен Ұлттар Ұйымының жаһандық мақсаттарын орындауға енді роботтар көмектеседі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Олардың кейбірі адамнан аумайды. Женевада ұйымның технологиялық агенттігі конференция ұйымдастырып, роботтар әлеуетін паш етті. Оның қатарында қариялармен ойын ойнай алатын, адамдардың эмоциясын қайталайтын, есімдерді есіне сақтайтын түрлі роботтар бар,-деп жазды 24.kz. Олар 7 шілде күні әлемде алғаш рет өткелі отырған «Адам-робот» конференциясында толығымен шығады. Айта кетерлігі, БҰҰ бұған дейін аштыққа жақын аймақтарды анықтау үшін жасанды интеллектті қолданған еді. Ал роботтар ұйымның 17 тұрақты даму мақсатын жүзеге асыру үшін көмектеседі.