БҰҰ-ның қарусыздану комиссиясын алғаш рет Қазақстан өкілі басқарады

БҰҰ-ның қарусыздану комиссиясын алғаш рет Қазақстан өкілі басқарады
Сурет: Еgemen.kz

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) жанындағы тұрақты өкілі Ақан Рахметуллин БҰҰ Қарусыздану комиссиясының жыл сайынғы сессиясының төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстанның бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қарусыздандыру жөніндегі комиссиясының жыл сайынғы сессиясының төрағасы лауазымына Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Ақан Рахметуллиннің кандидатурасы ұсынылып, бірауыздан мақұлданды", - делінген хабарламада.

"Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет еліміздің өкілі сайланған маңызды органға табысты төрағалық ету үшін алда көп жұмыс күтіп тұр", - делінген СІМ хабарламасында.

БҰҰ-ның Қарусыздану жөніндегі комиссиясы Бас Ассамблеяға бағынатын консультативтік-кеңесші орган. Оның қызметі қарусыздану саласындағы түрлі проблемаларды қарастыру және ұсыныстар беру болып табылады. Сессия жұмысы 21 сәуірге дейін жалғасады.