Бүгінгі таңда шамамен 1 трлн теңгенің активтері қайтарылды

Бүгінгі таңда шамамен 1 трлн теңгенің активтері қайтарылды
primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ҚР Парламенті Сенатының отырысынан кейін өткен брифинг барысында заңсыз иемделінген және елден шығарылған активтерді қайтару жөніндегі жұмыс туралы айтып берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Премьер-Министр активтерді қайтару жөніндегі жұмыс қабылданған заңға сәйкес жүріп жатқанын және ол Мемлекет басшысының саяси және экономикалық реформаларының қисынды жалғасы екенін атап өтті. Негізгі міндет – әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру, активтерді қайтару және оларды республика экономикасына жұмыс істеуге бағдарлау.

«Екі жолы бар – ерікті және мәжбүрлі түрде, олар сот шешіміне сәйкес жүзеге асырылады. Заңның күші жүретін адамдар тобы анықталған. Бұл – әкімшілік ресурстарды пайдаланып, активтерді заңсыз иемденген адамдар. Адал бизнеске алаңдауға негіз жоқ», — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының айтуынша, қайтарылған қаражат әлеуметтік саладағы маңызды жобаларды, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін инфрақұрылымдық және өндірістік жобаларды іске асыруға бағытталатын болады.

«Бүгінгі таңда шамамен 1 трлн теңгенің активтері қайтарылды. Оның ішінде шамамен $600 млрд-ы шетелден қайтарылып отыр. Бұл жұмыс жалғасуда», — деді Премьер-Министр.