Бүгінгі ауа райы болжамы

Бүгінгі ауа райы болжамы
Сурет: интернеттен

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

Қазгидромет Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі әсерінен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, бұршақ жауады. Тек Қазақстанның оңтүстігінде, батысында, солтүстік-шығысында, орталығында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстік-батысында, түнде батысында жел күшейеді", делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Күндіз Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында, Қарағанды, Абай, Ақтөбе, Ұлытау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде 35-41°С қатты ыстық болады.

Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарының басым бөлігінде, орталықта, Қызылорданың шығысында, Павлодардың оңтүстігінде, Ақтөбенің оңтүстік-шығысында, солтүстік-батыста, оңтүстікте, Маңғыстаудың орталығында, Атырау облыстарының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қостанайдың оңтүстігінде, Атырау, Ақмола облыстарының оңтүстігінде, солтүстік, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.