Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды ауа сапасы

Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды ауа сапасы
Сурет: ашық дерекөз

3 ақпан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 3 ақпан, сенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Көкшетау, Шымкент, Алматы қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал