Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды
Сурет: ашық дереккөз

Жексенбі, 30 шілдеде республиканың басым бөлігінде қолайлы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша Алматы, Ақтөбе, Астана қалаларында ауаның ластануына байланысты қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасуы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.