Бүгін – халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні

Бүгін – халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні
Сурет: ашық дереккөз

 Бүгін, 26 маусымда бүкіл әлем заңсыз есірткі айналымымен күресу күнін атап өтіп жатыр деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл атаулы күн 1987 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының өз қызметін күшейтуге және нашақорлықсыз әлемдік қоғам құруға деген шешімімен бекітілді.

Бұл күн қоғамның назарын нашақорлықтың жаһандық проблемасына, оның салдары мен оны жеңуге бағытталған күш-жігерге арналған.

Нашақорлық және олардың заңсыз айналымы бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамның денсаулығы мен әл-ауқатына үлкен әсер етеді. Халықаралық есірткіні теріс пайдаланумен күрес күні оны шешу үшін бірлескен күш-жігердің қажеттілігін еске салады.

Статистикаға сәйкес соңғы бес жылда есірткіге тәуелді пациенттердің саны азайды. 2022 жылы есірткіні қолданған 17 085 пациент динамикалық бақылауда болды. Бүгінгі таңда 18 мыңнан астам пациент динамикалық бақылауда.

Өкінішке қарай, жаңа психоактивті синтетикалық заттарға құмар науқастардың саны күрт өскен. Мысалы, 2018 жылы елде синтетикалық есірткі қолданған 147 тұрғын динамикалық бақылауда болса, қазір олардың саны – 731.

Қазақстанда 76 емхана мен аудандық ауруханада 212 психолог кабинеті жұмыс істейді. Сонымен қатар, 2016 жылы Қазақстанда жылына 30 психиатр, нарколог-маман оқытылды. Қазір білім гранттарын алған 152 резидент жоғары оқу орындарында оқиды. Соңғы жеті жылда психолог-мамандардың, наркологтардың саны 15-20%-ға өсті.

Еліміздің стационарлық көмек орталықтарында 3 747 төсек бар. Оның ішінде 270 төсек медициналық-әлеуметтік сауықтыруға арналған. Өткен жылдың басында елімізде 6 сауықтыру бөлімшесі жұмыс істей бастады, ал жыл соңына қарай 13 өңірде сауықтыру бөлімшесі ашылды.