Бүгін Қазақстанның 4 қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады

Бүгін Қазақстанның 4 қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады
Сурет: Stan.kz

Бүгін қазақстанның 4 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

«2022 жылғы 24 желтоқсанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Балқаш, Жезқазған, Шымкент, Алматы қалаларында күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.