Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Сурет: ашық дерекөз

Қазгидромет ел аумағында 30 қыркүйекте болатын ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Солтүстік-батыс циклон жырасы мен атмосфералық фронттардың әсерінен ҚР басым бөлігінде жаңбыр жауады, түнде оңтүстікте, Алматы облысының таулы аудандарына қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) түседі. Республика бойынша тұман, оңтүстік-шығыста, шығыста, күндіз орталықта екпінді жел күтіледі.

Түркістан облысында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталуда.

Жамбыл облысында, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі