Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады
Сурет: Ашық дереккөз

"Қазгидромет" РМК 5 сәуір күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Қазгидромет" мекемесінің мәліметінше, 5-сәуір күні еліміздің басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болады. Яғни күн ашық болады. Тек республиканың оңтүстігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, таулы аумақтарда қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді.

Күндіз Түркістан облысының таулы аумақтарында қатты жаңбыр жауады.

Түнде Алматы облысының таулы аумақтарында, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында және таулы аумақтарында 1-6 градусқа дейін үсік сақталады.