Бүгін елдің басым бөлігінде күн ашық болады

Бүгін елдің басым бөлігінде күн ашық болады
Cурет: Қайрат Қоныспаев

Қазгидромет синоптиктері 18 сәуір, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Тек еліміздің солтүстігінде және шығысында атмосфералық фронттарға байланысты найзағайлы жаңбыр сақталады.

Қазақстан бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.