Бүгін «Барыс» «Сочи» командасымен кездеседі

Бүгін «Барыс»  «Сочи» командасымен кездеседі
Сурет: Inform.kz

Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Астанада бүгін Ресейдің «Сочи» клубына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған ойын елорда уақытымен 19:30-дa басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 17 мәрте кездесті. Оның 10-ы «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Қазір турнир кестесінде он екі ойыннан кейін 13 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 14-орында келеді. Ал, он бір ойыннан кейін 5 ұпай жинаған «Cочи» 21 -орынға жайғасқан.

Кейінгі он кездесудің алтауында қазақстандық клуб жеңіске жетті.

Екі команда биыл 9 қыркүйекте Ресейде кездесіп, онда «Сочи» 6:3 есебімен басым түсті.