Бүгін Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

Бүгін Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады
Сурет: Egemen.kz

15 шілдеде Қазақстанның көптеген қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Синоптиктер тек Алматы қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады деп болжап отыр.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.