Бүгін Алматыда ауа ластанады

Бүгін Алматыда ауа ластанады
Сурет: Ашық дереккөз

Бүгін Қазақстанның екі қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгиромет» РМК-на сілтеме жасап.

«2023 жылғы 16 мамырда Қазақстан бойынша Алматы, Астана қалаларында ауаның қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі», - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.