Бүгін 9 қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 9 қалада ауа сапасы нашарлайды
Сурет: Ашық дереккөзі

Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

23 қыркүйекте Астана, Ақтөбе, Петропавл, Көкшетау, Қостанай, Өскемен және Семей (2-дәрежелі), Риддер (2-дәрежелі), Павлодар (1-дәрежелі) қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.