Бруцеллез адамға қандай жағдайда жұғады

Бруцеллез адамға қандай жағдайда жұғады
Сурет: ашық дереккөз

Бруцеллез – адамның (барлық ағзаны зақымдайды) және жануарлардың қауіпті жұқпалы ауруы, мүгедектікке әкелуі мүмкін. Осы орайда Денсаулық сақтау министрлігі аурудың алдын алу жолдарын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Адам бруцеллезді мынадай жағдайда жұқтыруы мүмкін:

- ауру малмен (ұсақ және ірі қара мал, шошқа) және итпен байланыста болған және сойған кезде, оның ішінде тууы кезеңінде.

- ауру жануарлардың шикі еті мен сүт өнімдерін қолдану кезінде;

- ауру жануарлардың жүні мен терісін өңдеу кезінде.

Бруцеллездің белгілері:

буындардағы, арқадағы үзіліссіз ауырсыну, күштің төмендеуі, дене температурасының жоғарылауы (ұзақ уақыт), тершеңдік, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, салмақ.

Негізгі ескерту шаралары:

- жануарларды бруцеллезге тексеріп, мал дәрігеріне ауру және түсік туралы хабарлаңыз;

- мал сою және мал бағу кезінде жеке гигиена ережелерін сақтаңыз, жұмыс киімін қолданыңыз;

- балаларды, жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді малдың тууы кезеңінде жұмысқа тартпаңыз;

- даладағы сауда орындарында ет және сүт өнімдерін сатып алмаңыз.