Ғалымдар еттен түбегейлі бас тартудың денсаулыққа кері әсері барын анықтады

Ғалымдар еттен түбегейлі бас тартудың денсаулыққа кері әсері барын анықтады
Сурет: Rgb6.medgis.ru

Британдық зерттеушілер 400 мыңнан астам адамның деректерін талдаған.

Оның барысында еттен бас тарту жамбастың сыну қаупін бірден 50 пайызға арттыратынын анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мұндай зақымды еттен бас тартқан әрбір жүзінші вегетариан алған, олардың басым бөлігі әйелдер. 

Ғалымдар мұны өсімдік негізіндегі диетаны ұстанушылардың бұлшықет әлсіздігімен байланыстырды, бұл әсіресе қартайған кезде адамның көп құлай беруіне әкелуі мүмкін.

Ет жемейтіндерге ғылыми жұмыстың авторлары еттен түбейгейлі бас тартпауға   және жеткілікті ақуызы бар теңдестірілген диетаны ұстануға кеңес берді.