Brent мұнайының бір баррелі 75 доллардан да төмендеді

Brent мұнайының бір баррелі 75 доллардан да төмендеді
Сурет: Ашық дереккөз

2021 жылдың соңынан бері алғаш рет 75 доллардан төмен түсті

Мұнайдың әлемдік бағасы құлдырап, 3,5-3,8%-ға дейін төмендеді. Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің құны 2021 жылдың 23 желтоқсанынан бері алғаш рет 75 доллардан төменге түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мәселен, Астана уақытымен 19.23-тегі жағдай бойынша6 Brent маркасының мамырдағы фьючерстерінің бағасы 3,55%-ға төмендеп, бір баррелі 74,72 долларды құрады. 

Ол 2021 жылдың соңынан бері алғаш рет 75 доллардан төмен түсті.

Сәуірдегі WTI фьючерстері 3,86%-ға, 68,58 долларға дейін арзандады.