Brent мұнайының бағасы $80 доллардан төмендеді

Brent мұнайының бағасы $80 доллардан төмендеді
Сурет: ашық дереккөз

Сейсенбі күні Brent маркалы мұнайының баррелі халықаралық биржада 79,66 доллардан сатылып жатыр. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz. ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Соңғы саудада дүйсенбі күні мұнайдың эталон маркасының құны 79,31 доллар болған.
Екінші мамырда 09:07-дегі жағдай бойынша, Brent маркалы мұнайы 0,25 процентке арзандап, баррелі 79,11 долларды құрады. WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны 75,46 доллар болды.
Нарықтар АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесінің (ФРЖ) пайыздық мөлшерлемелерге қатысты болжамдарына, сондай-ақ Қытайдан келген әлсіз экономикалық деректерге байланысты өзгеріп отыр.