Brent мұнайының бағасы 121 доллардан асты

Brent мұнайының бағасы 121 доллардан асты
Сурет: Egemen.kz

ондонның ICE биржасында 2022 жылдың тамызында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 2% өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Осылайша Brent мұнайының бір баррелі биылғы 24 наурыздан бері бірінші мәрте 121 доллардан асты. Бұны бүгінгі сауда-саттық мәліметі растайды.

Нұр-Сұлтан уақытымен бүгін сағат 01.20 шамасында Brent бағасы 2,97% қымбаттап, баррелі 121,21 долларға жетті. Ал 01.36 кезінде аталмыш маркалы мұнай бағасының өсімі 3,09% құрап, 121,24 долларға дейін көтерілді.

Сонымен қатар биылғы шілдеде жеткізілетін WTI мұнайының фьючерстері 2,92% қымбаттап, баррелі 120,28 доллардан асты.