Бренд өнімдерді қолдан жасауға шектеу күшейтіледі

Бренд өнімдерді қолдан жасауға шектеу күшейтіледі
Сурет: Senate.parlam.kz

Сенат тиісті заңды мақұлдады.

Жалған тауар белгілерін және географиялық көрсеткіштерді пайдаланудың алдын алу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге, ТМД Үкімет басшылары 2021 жылы мамырда қол қойған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Құжатта тауарлардың көшірмесін жасау туралы ақпарат алмасу, өнеркәсіптік меншік саласында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша кадрларды даярлау, олардың біліктілігін арттыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар көзделген.

«ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің тауарларды дараландыру құралдарын қорғаудың ұлттық жүйелерін одан әрі дамыту жөніндегі күш-жігерін біріктіруге бағытталған. Бүгінгі таңда мемлекетішілік рәсімдерді Армения, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстан жүргізеді», - дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қайрат Тастекеев.