Бостандық ауданында 80 аула жөнделді

Бостандық ауданында 80 аула жөнделді
almaty-akshamy.kz

Жайлы қалалық ортаны дамыту шеңберінде қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға ерекше назар аударылады.

2023 жылы абаттандыру аясында 80 аула аумағына күрделі жөндеу жұмыстары, 90 аулаға ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Осы жылдың ақпан айында 50 аула аумағына күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге конкурс жарияланды (МС шығуы – 2024ж. желтоқсан, ҚМЖ құны - 1,5 млрд. теңге). 

Абай және Гагарин даңғылдарының қиылысында ауданы 1 га жер учаскесін абаттандыру жұмыстары жалғасуда, мұнда балалар мен спорт алаңдарын, демалуға арналған орындықтар орнату және суару жүйесі бар жасыл желектерді отырғызу көзделуде. (жұмыстардың аяқталу мерзімі – 2024ж. тамыз).