Аға буын өкілдері ерекше қамқорлықта

Аға буын өкілдері ерекше қамқорлықта
Суретті түсірген - Қ.Қоныспаев

2023 жылда қалада жастарға әр ауданда арналған 8 комьюнити орталығы ашылды. Солардың бірі Абай даңғылы, 164 мекенжайында орналасқан. Орталықтан жастар жұмысқа орналасу жайында, сондай-ақ психологиялық және заңгерлік көмек ала алады.

Зейнет жасындағы адамдар үшін осы жылы ақпан айында Сейфуллин даңғылы, 597 мекенжайында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жаңа филиалы ашылды және ол күніне 200 адамға дейін қабылдай алады. Ол жерде  аға буын өкілдері тегін медициналық қызметтер алып, спорт секцияларына қатыса алады.