Бостандық айданында 1000-нан астам шам ауыстырылды

Бостандық айданында 1000-нан астам шам ауыстырылды
Сурет: gov.kz

Бостандық ауданы тұрғындарын толғандыратын мәселелердің бірі сыртқы көшесінің жарықтандырудың сапасы.

Жарықтандыру функциясын децентрализациялау арқылы қала аудандарындағы жағдай жақсара түскенін қала әкімі Е.Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Өткен жылдың желтоқсан айынан бері 1000-нан астам шам ауыстырылып, 800-ге жуық өтінім пысықталды. Сондай-ақ қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру аясында 117 шам орнатылып, 80 ауланы абаттандыру кезінде 917 шам бағанасы ауыстырылды, деді қала әкімі. 

Биылда мұндай жұмыстар өз жалғасын табатын болады. Алмагүл, Орбита 1, 2 шағын аудандарында, сондай-ақ Тілендиев көшесінің бойымен «Акварель» тұрғын үй кешеніне дейін және т.б. 267 шам бағаны  орнатылмақ.