Бостандық ауданында 17 көшеде жөндеу жұмыстары басталды

Бостандық ауданында 17 көшеде жөндеу жұмыстары басталды
сурет: yoshkarola.bezformata.com

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Е.Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты, деп хабарлайды   Аlmaty-akshamy.kz.

Біздің алғашқы кездесуімізде тұрғындар Асқаров және Биокомбинатская көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрады. Бүгін бұл жұмыстар орындалды.

Бұдан басқа, жалпы ауданы 8 248 шаршы метр 65 көшеде ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Ұзындығы 14,5 шақырым 17 көшеде орташа жөндеу жұмыстары басталды, сондай-ақ тамыз айынан бастап 4 көшенің асфальтын ауыстыру жоспарлануда. Аталған учаскелер қарашаға дейін толығымен аяқталады.