Босфор жағалауы...

Босфор жағалауы...
Сурет: Resortturkey.ru

Алтын көпір

Стамбул Еуропа пен Азия құрлығын жалғап тұрған бірден бір шаһар. Бұл қаланың өзгелерден кереметі де осында. Мұнда дүниенің түпкір түпкірінен туристер ағылады. Ғажайып мекен. Ауасы ылғалды. Алматымен салыстырғанда әлдеқайда жылырақ. Әлемнің барша адамын сол жерден кезіктіресіз. Арысы Америка, берісі Африка жұрты, Араб түбегінің халқы бәрі-бәрі сонда. Көптеген мәдениеттер шоғырын көресіз.

Мәдени орда. Осы сөзді айтудың өзіндік мәні мен мағынасы тереңде. Тымыры талай ғасырларға кетеді. Түрлі тарихтың куәсі. Басынан көп тамаша күндер кешкеен. Бір ғана Айя София ескерткіші бірден бір тарихи жәдігер. Христиан мен мұсылманшылықтың көріністерін қатар байқауға болады. Сондай келбетті, сондай ғажап. Қарасаң көз тоймайды. Көрсең көре бергің келеді. Осы сынды Сұлтан Сүлеймен хан оның жары Хюрем Сұлтанның кесенесі де осы қалада. Ең таңқаларлығы мешіттерді бір көше сайын көзіңіз шалады. Осының барлығы тарихи сіулет ескерткіші әрі ұлы құндылық деуге болады. Сол сияқты XV-XVI ғасырлар аралығында бой көтерген көне базарда осында. Әлігедей өз жұмысын жалғастырып келеді.

Бұғаз сыры. Ертеректе судың басына иелік ететіндерді  қолында жарты билігі барлар деп есептейді екен. Сол рас айтылған тәмсіл екен. Былай қарап тұрсаңыз нақ шындық. Осы арада неге деген заңды сауал туатыны анық. Себебі, Жерорта мен Мармара теңіздері кеме жүретін сауда-саттықтың нағыз күре тамыры десек артық айтпағандық болар. Сол теңіздің үстінен алың еш тіреуі жоқ көпір салынған. Солардың ішіндегі аса ірісі Фатих Сұлтан Мехмет көпірі. Қысқаша айтқанда, тек таңданыс пен қызығушылық кеудені билейді.

Түйін. Халқымыз «жақсыны көрмек үшін» деп текке айтпапты. Мың естігеннен бір көрген артық екеніне көз жеткіздік. «Шамаң барда желіп жүріп жер таны» деп айтуға толық негіз бар. Дүние қызыққа толы. Бар болғаны сол ғажайыпты көңілмен сезіну керек екен. Соған көз жеткізіп келеміз. Біздер көкейдегі ойлардың бір парасын айттық. Қалғанын өз уақытында баяндайтын боламыз.