Қазақстандық 5 мыңға жуық педагог біліктіліктерін сынады

Қазақстандық 5 мыңға жуық педагог біліктіліктерін сынады
Сурет: 365info.kz

5 мыңға жуық педагог қатысқан «Педагогикалық идеялар панорамасы-2022» республикалық байқауы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бірнеше ай бойы мұғалімдердің барлығы тәжірибелерін, өз пәнін оқытудың инновациялық және авторлық тәсілдерін видеоға түсіріп, Youtube желісінде бөліскен.

«Нәтижесінде 67 адам жеңіске жетті. Байқауды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы жыл сайын өткізіп келеді. Биыл қатысушылар саны алдыңғы жылдармен салыстырғанда шамамен екі есеге көп», - деп жазды ведомстводан.