Бос білім гранттары тағайындалды

Бос білім гранттары тағайындалды
Сурет: Gov.kz

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жазғы қабылдау науқанының қорытындысы бойынша конкурстық тағайындаудан кейін қалған бос гранттарды тағайындау жұмыстарын аяқтады.

Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Республикалық конкурс комиссиясының отырысы өтті. Гранттардың басым көпшілігі педагогикалық және инженерлік ғылымдар, сонымен қатар «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» салаларына бөлінді.
Комиссия шешімімен 4000-нан астам талапкер мемлекеттік білім грантының иегері атанады.
Грант иегерлерінің тізімдері 2023 жылдың 28 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және https://t.me/gylym_jogary_bilim телеграм-каналында жарияланады.
Ал, грант сертификаттарын https://certificate.testcenter.kz/ сілтемесі бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан жүктеп алуға болады.