Конференция лигасы: Бүгін «Астана» мен польшалық «Ракув» кездеседі

Конференция лигасы: Бүгін «Астана» мен польшалық «Ракув» кездеседі
Сурет: Elorda.info

Бүгін «Астана», «Қайрат» және «Қызыл-Жар» УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы қарымта кездесулерін өткізеді.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:00-де «Астана Аренада» жергілікті «Астана» мен польшалық «Ракув» кездеседі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 

Алғашқы ойында 5:0 есебімен жеңіске жеткен польшалық командаға қарсы Қазақстанның алты дүркін чемпионы қандай тосынсый дайындап отырғаны қызық.

Ал венгриялық «Кишварда» мен алматылық «Қайрат» арасындағы матч елорда уақытымен 22:00-де басталады. «Қайрат» бір апта бұрын өз алаңында 0:1 есебімен жеңілген.

Петропавлдық «Қызыл-Жар» Хорватияда жергілікті «Осиекпен» жолығады. Бұл матч сағат 0:30-ға жоспарланған. Нұр-Сұлтанда өткен бірінші ойында Али Алиев шәкірттері 1:2 есебімен жеңілді. 

Аталған үш матчты да «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.