Дархан Қыдырәлі Сенат депутаты болып тағайындалды

Дархан Қыдырәлі Сенат депутаты болып тағайындалды
Сурет: Baq.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  

«Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды», - делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ол Ақпарат және қоғамдық даму министрі болды.