Боран Солтүстік Қазақстанға жылжып келеді

Боран Солтүстік Қазақстанға жылжып келеді
Сурет: ашық дереккөз

Желдің екпіні 30 м/с жетеді.

"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, 8-10 ақпанда Қазақстанда Атлант циклонының әсерінен құбылмалы ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

"Күн бұлтты және желді болады. Еліміздің солтүстігінде желдің екпіні 23-28, кей жерлерде 30 м/с жетеді. Солтүстік облыстарда жауын-шашын болып, қалың қар жауып, бұрқасын күтіледі", – деп жазылған хабарламада.

Ауа температурасы аздап көтеріледі, бірақ кезеңнің соңына қарай еліміздің батысында және солтүстік-батысында түнде -12...-20 градусқа дейін күрт төмендейді.